Қауіпсіздік шаралары
Құрметті HSBC Банк Қазақстан карточкаларының ұстаушылары!
Карточкалық алаяқтықтан сақтаныңыз
«HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ Клиенттерінің назарына төлем карточкаларын қауіпсіз пайдалануға және алаяқтықтан сақтануға арналған ұсыныстарды ұсынады:
- Банктен төлем карточкаларын алған кезде карточканың тиісті орнында жеке қолтаңбаңыздың үлгісін міндетті түрде қойыңыз;
- Карточка деректемелерін (карточка нөмірі, оның жарамдылық мерзімі, карточканың артқы жағындағы арнайы CVV2 / CVC2 коды, егерде көрсетілген болса) және Дербес идентификациялық нөмірді (ПИН-код) басқа тұлғалардан құпия сақтаңыз;
- Банк менеджерларымен өз шотыңыздың ахуалы туралы байланыста болыңыз, шотыңыздың көшірмесін үнемі тексеріп тұрыңыз;
- Банкті тұрғын мекен-жайыңыздағы, телефоныңыздағы, жұмыс орныңыздағы және т.б. өзгерістер туралы хабардар етіңіз – бұл қажет болған жағдайда Банктің Сізбен тез арада байланысқа шығуы үшін өте маңызды;
- Карточка нөмірі мен Банк телефоны әрдайым жаныңызда болсын – бұл Банктің Сізді карточканы ұстаушы ретінде айқындау рәсімін едәуір жылдамдатады;
- Енді қажеті болмаған, Сіздің карточкаңыздың толық нөмірі көрсетілген, кез-келген құжаттарды жойып тастаңыз;
- ПИН-кодты басқа тұлғалар қол жеткізе алатын түрде және/немесе орында сақтамаңыз;
- Өзіңіздің шотыңыз туралы ақпаратты ешкімге де бермеңіз, тек егерде Сіз бұл шотты пайдалана отырып төлемдер және/немесе ақша аударуларын жүзеге асырмайтын болсаңыз.
- Үндемеу тәртібі бойынша Сіздің карта-шотыңызда 200 000 теңге көлемінде қолма-қол ақша шешудің тәуліктік лимиті және 300 000 теңге көлемінде төлем жасау лимиті бекітілген. Егерде Сізге одан да көбірек ірі сомаға қызмет көрсету керек болған жағдайда, Сіз алдын-ала жазбаша өтінішпен Банкке жүгіну арқылы лимитті өзгерте аласыз. Сіздің назарыңызға мынаны ұсынамыз: HSBC Банк Сіздің шоттағы ақшаларыңыздың сақ болуы үшін шот бойынша мерзімсіз шексіз лимит орнатуға кеңес бермейді.
Банкоматтан қолма-қол ақша алу барысында:
- Сіз әдетте қолма-қол ақша шешіп жүрген банкоматтарды пайдалануға тырысыңыз немесе ірі сауда орталықтарындағы немесе банк бөлімшелеріндегі банкоматтарды таңдаңыз; экраны жанбай тұрған, қандай да бір қосымша құрылғы немесе нұсқаулық қосылып тұрған банкоматтарды немесе көшеде орналасқан банкоматтарды пайдаланбауға тырысыңыз;
- ПИН-кодты теру барысында енгізіліп жатқан сандарды бөгде тұлғалардың көрмеуін қадағалаңыз;
- Егерде картаны банкоматтың арнайы тесігіне сұғуда бір қиындық туып жатса немесе банкомат әдеттегідей жұмыс істеп жатпағандығын сезсеңіз басқа банкоматты пайдаланыңыз;
- Егерде Сіздің картаңыз банкоматта қалып қойса немесе онымен бір нәрсе болып қалса, лезде Банкке телефон арқылы хабарласыңыз; Колл-центрдің телефоны картаның артқы жағында жазылған, карта жоғалған жағдайда сіз ол нөмірді біле алмайсыз, сондықтанда, телефон нөмірін алдын-ала өзіңізге қолжетімді тасушыға көшіріп алыңыз.
- Банкоматты пайдалану барысында ешкімге де сізді мазалауға мұрсат бермеңіз, операция жасау барысында немесе пайда болған қандай да бір басқа жағдайды шешу барысында «көмекшілердің» көмек туралы ұсыныса құлақ аспаңыз;
Сауда нүктелерінде сауда-саттық жасау барысында.
- Сіздің көз алдыңызда және сіздің қатысуыңызбен сауда және қызмет кәсіпорнының кассирі транзакция жасау үшін ғана жағдайлардан тыс, карточкаңызды басқа бір тұлғаға бермеңіз (мәселенки, мейрамханада, кафеде даяшы сіздің карточкаңызды бар тұғырына алып кетуі немесе, тіпті, басқа бір жайға шығып кетуі сияқты жағдайлардан аулақ үшін);
- ПИН-кодты теру барысында, енгізіліп жатқан сандарды бөгде тұлғалардың көрмеуін қадағалаңыз; өз ПИН-кодыңызды үшінші бір тұлғаларға айтпаңыз, егерде сауда нүктесінің қызметкері сіздің ПИН-кодты айтуыңызды өтінсе, сіз POS-терминалға жақындап, ПИН-кодты дербес өзіңіздің теруіңізің қажет;
- Сауда кәсіпорны немесе банк филиалы берген, сіздің қолыңыз бар, слип және POS-терминалдар чектарының, Сіз жасаған карточкалық операцияларға қатысты басқа да құжаттардың (мысалы, қонақ үй шоттары) даналарын бес ай көлемінде сақтаңыз;
Интернет арқылы сауда-саттық жасау барысында, сіздің карточкаңызға қатысты алаяқтық операциялардан аулақ болу үшін, төменде көрсетілген ережелерді ұстаныңыз:
- Банк атынан Сізден дербес ақпараттарыңызды сұрайтын жалған электрондық хаттарға жауап бермеңіз. Сол хаттың түпнұсқалылығын анықтау үшін, өзіңіз сенімді түрде дұрыс деп білетін телефон нөмірі арқылы (сіздің карточкаңыздың артқы жағындағы телефон нөмірі) Банкпен хабарласыңыз.
- Ешқашан осындай хаттардағы сілтемелер бойынша (тіпті ол банк сайтына болсадағы) өтпеңіз, себебі олар алаяқ сайттарға алып баруы мүмкін.
- Интернет-ресурстар арқылы ПИН-код және банк ресурстарына қол жеткізу парольдері сияқты ақпараттарды ешқашан жарияламаңыз, мұндай ақпарат Банк сайты арқылы Интернет-банкингке қолжеткізу үшін қажетті жағдайлардан тыс.
- Тек қана танымал және сенімді сауда Интернет-кәсіпорындарының қызметтерін пайдаланыңыз. Әдетте, көбінесе алаяқтар ересектерге арналған сайттарды, электрондық казино және ойындар сайттарын пайдалану арқылы карта деректемелеріне қол жеткізеді және, сәйкесінше, клиент шотына да қол жеткізеді.
- Даулы жағдайда немесе сұрақ бойынша сауда нүктесімен байланыса алу мүмкіндігіңіздің бар екендігіне көз жеткізіңіз. Сайтта көрсетілген мекен-жайлардың (телефондардың) дұрыстығын тексеріңіз.
- Өзіңіз қосылған Интернет сайттардың адрестерін тексеріңіз, өйткені, қастық ойлаушылар алаяқ ресурстарды жасау үшін ұқсас аттарды пайдалануы мүмкін, мысалы, танымал сайттың атындағы бір символды ғана өзгерту арқылы.
- Мазмұны күмәнді Интернет-ресурстардың қызметін пайдаланудан аулақ болыңыз; көбінесе олар банктік карточкалар туралы ақпарат алу үшін және оны ары қарай заңсыз түрде пайдалану үшін арнайы жасалады.
- Егерде Интернет-бетке қатысты қандай да бір күмән бар болса немесе карточка бойынша деректер және дербес мағлұматтар бергіңіз келмесе, онда бетті жабыңыз, банкке өз күмәндарыңыз туралы хабарлаңыз, сауда-саттықты басқа бір жерде жасаңыз.
- Өз электрондық поштаңызды қадағалаңыз, бейтаныс адресаттардан келген хабарламаларды ашпаңыз, өзіңіздің жеке деректеріңізді бермеңіз. Егерде өзіңіздің дербес ақпараттарыңызды сенімді алушы беру қажет болған жағдайда, криптографиялық қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз, себебі әдеттегі пошта жолдауларын басқа біреулер ұстап алуы мүмкін және сізге зиянын тигізу үшін пайдалануы мүмкін. Осы ретте дербес ақпараттың үшін бір тараптарға берілуі үшін Банк ешқандай да жауапты емес, тіпті криптографиялық қорғаныс пайдаланған күннің өзінде де.
- Өз компьютеріңізге вирусқа қарсы бағдарламалық қамсыздандыру орнатыңыз және оны және өзіңіз қолданып жүрген басқа да бағдарламалық өнімдерді (операциялық жүйе және қолданбалы бағдарламаларды) үнемі жаңғыртып тұрыңыз. Бұл сіздің компьютеріңізді вирустардан және өзге де зиянды бағдарламалардан қорғауға мүмкіндік береді.
- Өз компьютеріңізде желіаралық экран ( firewall ) орнатыңыз. Ол сіздің деректеріңізге рұқсат етілмеген қолжетімділіктің алдын-алуға көмектеседі.
- Интернет-кафе және басқа да жалпыға бірдей құралдарды пайдаланбаңыз. Ол жерлерде сіз енгізген құпия деректерді жадында сақтап қалатын жансыз бағдарламалар орнатылуы мүмкін.
- Сіздің туған күніңізбен немесе өзге де дербес деректермен байланысы жоқ күрделі парольдарды таңдаңыз. Мүмкін болған жағдайда символды-санды парольдарды таңдаңыз. Парольдарды жазып алмаңыз және ешкімге де оларды айтпаңыз.
Скимминг
Банкоматқа орнатқан кезде карточка деректемелерін (карточка нөмірін, арнайы параметрларды) әрі ПИН-кодты оқуға және оларды жадында сақтап қалуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғылардың арнайы түрлері бар. Мұндай құрылғылар банкоматтың немесе POS-терминалдың қарапайым бір бөлігі ретінде жасырылып орнатылады. Оқитын құрылғылар карточканы енгізуге арналған ұяшықтың үстіне, пернетақта үстіне жабыстырылады немесе ақпараттық/жарнамалық брошюралары бар жәшік ретінде жасырылған шағын бейнекамера пайдаланылады.
Карточкалық алаяқтық тәуекел деңгейі жоғары елдердің тізімі (осы аталған елдерде болған кезде төлем карточкаларын пайдалану барысында өте-мөте сақ болуларыңызды қатты ұсынамыз):
1. Таиланд
2. Малайзия
3. Сингапур
4. Испания
5. Австралия
6. Индонезия
7. Бразилия
8. Нигер
9. Нигерия
10. Гонконг
11. Тайвань
12. Филиппиндар
13. Болгария
Ол елдерге барғаннан кейін карт-шот бойынша үзінді көшірмені тексеріп, картаны қайтадан шығаруға кеңес береміз.
Алаяқтық бойынша күдік бар болса не істеу керек?
Егерде Сіз алаяқтық құрбаны болғаныңызға күдігіңіз болса, бұл туралы тез арада Банкке хабарлаңыз. Сіздің жүгіне салысымен, Банк қызметкері сіздің карт-шотыңызды блоктап тастайды. Банкке одан кейінгі жүгінуде және қажетті құжаттарды толтырудан кейін Сізге жаңа карточка шығарып береді.
Егерде сіздің карточкаңыз өзіңізбен бірге болса, бірақ сіз рұқсат етпеген транзакциялар жасалған/істелген болса, онда тез арада Банкке хабарлаңыз.
Сұрақ туындаған жағадйда, мына нөмірлерге телефон шалыңыз: +7 727 259 69 00, +7 727 2596999, +7 727 2582525
Бұл жаднама тек қана Клиенттердің ыңғайлылығы үшін жасалған ұсыныс материалы болып табылады және «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ-і (бұдан ары қарай - Банк) мен клиенттер арасында жасалған қандай да бір келісім-шарттарға толықтыру, қосымша, қолма-қоллау немесе өзгеріс болып табылмайды. Банк пен клиенттер арасындағы қатаныс тек қана Қазақстан Республикасы заңнамасы және Банк пен клиенттер арасында жасалған келісім-шарттар шеңберінде реттеледі. Егерде осы Жаднама мен Банк пен клиенттер арасында жасалған келісім-шарттар арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда Банк пен клиенттер арасында жасалған келісім-шарттар басымдылық күшке ие болатын болады. Клиент осы Жаднаманы ұстануы немесе ұстанбауы нәтижесінде пайда болған клиенттің қандай да бір шығындары, зақымдары, залалдары, нұқсандары үшін ешқандай да жауапкершілікті мойнына алмайды.