Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Дебеттік карточка

Дебеттік карточка

HSBC банкінің MasterCard дебеттік карточкалары Қазақстанда да, шетелде де шотыңызға аптасына 7 күн, күніне 24 сағат бойы қол жеткізуге мүмкіндік береді

Сұрақ бар ма?

Барлық мәселелер бойынша Сіз сондай-ақ

+7 (727) 259 69 99 телефоны арқылы
немесе pfs.service@hsbc.kz электрондық адресі бойынша хабарласа аласыз.

Қаражаттарға тәулік бойы қол жеткізу

Қызмет көрсетудің жоғары стандарттары мен HSBC тобының 85-тен астам мемлекетте орналасқан 8 500 кеңселері мен бөлімшелерінен құралған халықаралық желісінің арқасында сіз, қайда жүрсеңіз де, HSBC банкінің дебеттік картасы төлемге қабылданатынына және оны бүкіл әлем бойынша қолдануыңызға болатынына сенімді бола аласыз.

Банктік операцияларды орындау үшін Банктің бөлімшесіне баруыңыз қажет емес – Сіз Интернет-банкинг жүйесі арқылы шоттарыңыздағы қаражаттарыңызды тәулік бойы басқара аласыз. Банктің бөлімшелерінде орналасқан банкоматтар қолма-қол қаражаттарыңызды шоттарыңызға салуға және оларды дүние жүзі бойынша Cirrus, Maestro немесе MasterCard логотипі бар банкоматтан шығарып алуыңызға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік

Біз клиенттеріміздің қаражаттарына сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық қауіпсіздік шараларын қолданамыз. Қосымша қауіпсіздік үшін HSBC Банк Қазақстан банкоматтарында өзіңіздің меншікті ПИН (дербес идентификациялау нөмірі) нөміріңізді жасап алуыңызға болады. Сонымен қатар, SMS ескертулер қызметіне тегін жазылып, ұтқыр байланыс телефоныңызға операцияларыңыз жөнінде хабарлама алуыңызға да болады. Егер дебеттік картаңыз жоғалса немесе ұрланса, онда Call Centre-ге телефон соғып, оқшаулап қоюыңызға болады.

HSBC банкінің MasterCard дебеттік картасы сізге келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Дүние жүзіндегі MasterCard, Cirrus немесе Maestro логотипі бар банкоматтардан қолма-қол ақшаны алу;
  • Қазақстан банкоматтарынан қолма-қол ақшаны бірыңғай тиімді тариф бойынша алу;
  • Үш валютаның біреуіне тіркелген дебеттік карталар: теңге, АҚШ доллары және евро;
  • Қаражаттарыңызды Интернет-банкинг жүйесі арқылы басқару;
  • Шот бойынша жүргізілген операциялар жөнінде SMS-ескертулер жіберу қызметі – қосымша қауіпсіздік амалы;
  • Банк бөлімшелеріндегі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаны шотқа тәулік бойы салу;
  • Банктің банкоматтарында меншікті ПИН нөміріңізді жасап алу;
  • Туысқандарыңызға қосымша карталар (екі қосымша картаға дейін) ашу;

Төлем карточкасын ашу үшін біздің банкте шот ашу қажет. Шотты ашуға қажет құжаттар:

  • Жеке куәлік/Паспорт
  • Салық төлеушінің номері (СТН)

HSBC қызметкерлері сізге Банктің өнімдері мен қызметтері жөнінде бағдар беріп, сіз қай жерде жүрсеңіз де, Банк қызметтерінің сіздің өмір сүру стиліңізбен үйлесуін қамдастырады.