HSBC банк үшін Сіздің дербес ақпараттарыңыздың және Сіз интерактивті режимде жүзеге асырып отырған банктік операцияларыңыздың қауіпсіздігі аса маңызды. Сіздің ақпараттарыңызға рұқсат етілмеген түрде қол жеткізуді болдырмау үшін біз қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қатаң стандарттары мен процедураларын қолданамыз.
128-Bit SSL шифрлауы
HSBC банк Интернет арқылы орын алатын дербес банктік қызмет көрсетудің барлық қосымшаларымен128-bit SSL шифрлауды (қауіпсіз жалғану хаттамасы) пайдалануды талап етеді. Бұл шифрлау Интернет желісі арқылы орын алатын банктік қызметтің қосымшалары үшін пайдаланылатын стандартты салалық шифрлау болып табылады. Шифрлау (Сіз Интернет арқылы банк қызметтерін пайдаланған кезде) Сіздің деректеріңізді оларды Интернет желісі арқылы жіберуден бұрын кодқа айналдырады. Шифрлау банктің компьютерлік желісі мен Сіздің интернет-браузеріңіздің арасындағы жолдағы Сіздің ақпараттарыңыздың құпиялығын сақтауға көмектеседі.
Сіз қолданып отырған браузер 128-bit шифрлауын қолдап, қолдамайтындығын анықтау үшін браузеріңізді тексеруден өткізіңіз.
HSBC банк ішкі жүйелерде шифрлаудың түрлі алгоритмдерін пайдалана отырып бірнеше деңгейде шифрлауды қолданады. Бұл Сіздің деректеріңіздің қорғалғандығын және оларға рұқсат етілмеген пайдаланушылардың қол жеткізбеулерін қамтамасыз етеді.
HSBC банк потенциалды қауіпті ақпараттардың біздің компьютерлік жүйелерге енуін оқшаулау үшін және рұқсат етілмеген түрде қол жеткізуді болдырмау үшін желіаралық экрандарды пайдаланады. Желіаралық экрандардың бағдарламалық қамсыздандыруын хакерлерден және вирустардан қорғаныс ретінде офистік және үй компьютерлеріне орнатуға болады.
Интернет желісінде дербес банктік қызметті пайдалану барысында Сіздің компьютеріңізді және Сіздің шотыңыз туралы ақпаратты қорғау үшін, Сіз HSBC банкпен байланыс орнатқандығыңызға сенімді болуыңыз үшін «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ сандық сертификаттарды пайдаланады. Сіз «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ сайтында авторизациядан өткен кезде Сіздің браузеріңіз сандық сертификаттар арқылы өз идентификациялық ақпаратымен HSBC веб-сайтынан растауын сұрайды. Сідің браузеріңіз сертификатты тексеріп, сол веб-сайт HSBC банкінің еншісінде болмаған жағдайда Сізге ескерту жасауы мүмкін. HSBC сайтында авторизациядан өткен кезде Сіз осындай тексерудің орын алғандығына көз жеткізуіңіз керек. Мысалы, Microsoft® Internet Explorer браузерін пайдалана отырып, браузердің терезесінде сары құлыптың тұрғандығына көз жеткізу керек. Сіз осы сары құлыпқа екі рет шертіп, Сіздің браузеріңіз тексеріп жатқан веб-сайттың сандық сертификаттарын көре аласыз.
«HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ Сіздің құпия қаржылық ақпараттарыңызды қорғауға талпынады. Біз Интернет желісінде дербес банктік қызметке қол жеткізу үшін қажетті қорғау құрылғысын ендірдік. Әрбір қорғау құрылғысы пайдаланушы шоты үшін біртума болып табылатын бір реттік қорғаныс кодтарын тудырады. Осы қорғаныс кодтарын Сіздің Пайдаланушы атыңызбен және Кодты жауаппен бірге пайдалану Сіздің желі ішіндегі қауіпсіздік дәрежесін арттырады.
HSBC банк Шлюзді серверлік шифрлауды (SGC) пайдаланады. Шлюзді серверлік шифрлау 40-bit SSL шифрлауды пайдаланатын браузерлерге бүкіл виртуалды банк қызметін көрсету сеансы барысында 128-bit шифрлауды қолдануға мүмкіндік береді. Бұл Сіздің желі ішінде банктік операцияларыңыз жөніндегі ақпараттарды, браузердің жаңартылған нұсқасын жүктеу қажеттілігінсіз-ақ, барынша қорғауға көмектеседі.
Сіздің HSBC банктегі виртуалды банктік қызмет сеансындағы қауіпсіздігіңіз Қауіпсіз жалғану хаттамасы (SSL) шифрлауы арқылы «қорғалған» ортада қамтамасыз етіледі. SSL технологиясы Сіздің виртуалды банктік қызмет сеансыңыздың шеңберінде, Сіздің дербес ақпараттарыңыз Сіздің компьютеріңізден тыс шақпай тұрып оларды шифрлау үшін пайдаланалады. Оны қолдану мақсаты Сіздің дербес ақпараттарыңызды біреудің оқып қоюын болдырмау. Сіздің браузеріңіздің баптауларына байланысты түсіп тұратын терезе пайда болады. Ол Сіздің қорғалған бетке кіріп бара жатқаныңыз туралы ескертеді. Сіз адрестік бағанда веб-адрестің алдында «https://» жазуын көрген кезде HSBC банктің қорғалған бетінде тұрғандығыңызды білесіз. Браузеріңіздің төменгі оң бұрышында үнемі құлттанып тұрған құлып белгі тұрады. Бұл белгі Сіздің HSBC банкпен жасалып жатқан интерактивті байланыс сеансыңыз «қорғалған» ортада орын алып жатқандығын көрсетеді.
Интернет желісіндегі дербес банктік қызмет көрсету
Тіркеу, Жеке идентификация және Кездейсоқ туындаған пароль
Сіздің «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ-дегі шоттарыңызға айтарлықтай қауіпсіз түрде қол жеткізуіңіз үшін, Сіздің Дербес Банктік Қолжетімділік Нөміріңізді алғаннан кейін Сіз қорғалған HSBC сайтында банктік қызмет көру мақсатында авторизациядан өту үшін Сіз идентификация үшін кодты сұрағыңызды көрсетіп, оның жауабын, сонымен қатар, қорғау құрылғысы тудырған парольді жазуыңыз керек. Бұл ақпаратты кейінірек, Сізге банк сессиясына қолжетімділік беруден бұрын, Сіздің жеке басыңызды анықтау үшін HSBC жүйесі тексереді. Сіздің идентификацияға арналған кодты сұрағыңыз және оның жауабы HSBC сайтының алаяқ сайттарға қарағандағы негізгі ерекшелік элементі болып табылады. Кездейсоқ туындаған пароль функциясы Сіздің пароліңізді түймелерді басу кезінде тіркеу аспаптарының жаттап алуынан қорғайды. Бұл тіркеу аспаптары Сіздің дербес компьютеріңізге вирустық зақымдану кезінде кіруі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік үшін біз Сіздің HSBC Интернет-банкинг жүйесіне қолжетімділігіңізді жүйеге кіруге деген талпынысыңыз санын қадағалай отырып қорғаймыз. Кодты идентификациялық жауапты бірнеше рет сәтсіз түрде енгізе алмаған кезде, біз қолжетімділікті уақытша тоқтатып қоямыз. Сіз бірнеше минуттан кейін қайта авторизациядан өтуіңізге болады немесе қолжетімділікті қайта қалпына келтіру үшін HSBC банкпен телефон арқылы байланысуыңызға болады. Құпия кодты бірнеше мәрте сәтсіз түрде енгізгеннен кейін, біз диалогтық қолжетімділікті лезде жансыздандырып тастаймыз. Бұл ретте қолжетімділікті қайта қалпына келтіру үшін Сіз HSBC банкпен келесі телефон нөмірі арқылы байланысуыңыз керек: + 7 (727) 259 69 00.
Сізді қорғау үшін HSBC банк Сіздің виртуалды банктік қызмет сеансыңыздың сессиясын автоматты түрде доғару функциясын пайдаланады. Егерде Сіздің виртуалды банктік қызмет сеансыңыз бірқатар уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, ол автоматты түрде доғарылады. Бұл функция Сіз компьютерден алыс кеткенде немесе виртуалды банктік қызмет сеансынан кейін жүйеден шықпаған кезіңізде Сіздің шотыңызды рұқсат етілмеген түрдегі қолжетімділіктен қорғауға мүмкіндік береді.
Сіз бізге электрондық пошта арқылы жіберген дербес ақпараттарды қорғау үшін, HSBC банк Интернет желісінде Дербес банктік қызмет көрсету аясында қауіпсіз электрондық пошта функциясын ұсынады. Бұл Сіздің корреспонденцияңыз бен Сіздің ақпараттарыңыз тек Сіз бен HSBC арасында ғана мәлім болып қалуы үшін жасалған.
Назар аударыңыз! Егерде Сіздің Интернет-банкинг жүйесіне кіруге арналған пароліңіз үшінші бір тұлғаларға белгілі болып қалған жағдайда, Бізбен лезде байланысуыңызды сұраймыз.