Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Осы сайт туралы жалпы мәлімет

Осы сайтта келтірілген ақпарат «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ-нің (бұдан әрі – «Банк» немесе «HSBC») ақпарат жарияланған сәтке қарай қолданылатын заңнама және оны қолдану іс-тәжірибесі туралы түсінігіне негізделген. Заңнаманың, салық салу ережелері мен олардың қолданылуындағы болашақ өзгерістер сайттың мазмұнына әсер етуі мүмкін.

Бұл ақпаратты кәсіби кеңестеме ретінде қарастырудың немесе оны осы мағынада негізге алудың керегі жоқ. Осы беттерге кіретін адамдарға тиісті кәсіби кеңестеме алу үшін құзырлы мамандардан ақыл-кеңес сұрауды ұсынамыз. Кейбір жағдайларда осы сайтта келтірілген ақпарат басқа дерек көздерінен алынды, сондықтан, HSBC банкі мен оның бөлімшелері бүкіл ақпараттың дәл болуы үшін күш салатынына қарамастан, олар аталған ақпараттың дәлдігіне қатысты қандай да бір куәліктер мен кепілдіктер бермейді және қателер мен олқылықтар үшін жауапкершілік көтермейді. Осы беттерге кіретін адамдарға заңгерлік, бухгалтерлік, салықтық немесе инвестициялық мәселелер бойынша құзырлы мамандардан ақыл-кеңес сұрауды ұсынамыз.

Осы сайтта келтірілген ақпарат қандай да бір бағалы қағаздарға, қаржылық құралдарға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сату туралы ұсыныс ретінде немесе сатып алуға немесе жазылуға ұсыныс жасауға шақыру болып табылмайды және ондайлар ретінде қарастырылмауға тиіс. Ақпарат біз сенімді деп тапқан, бірақ тәуелсіз тексерістен өткізбеген дерек көздерінен алынды; біз аталған ақпараттың дәлдігі мен толықтығына қатысты қандай да бір куәліктер мен кепілдіктер бермейміз және өзімізге жауапкершілік артпаймыз.

HSBC, оның үлестес тұлғалары және (немесе) олардың лауазымды тұлғалары, директорлары мен қызметкерлері осы сайтта аталған қандай да бір бағалы қағаздарды иеленуі немесе олар бойынша (немесе оларға байланысты инвестициялар бойынша) позициялары болуы мүмкін, сондай-ақ аталған бағалы қағаздардың (немесе инвестициялардың) қандай да біреуін мезгіл-мезгіл қосымша сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін. HSBC және оның үлестес тұлғалары бағалы қағаздар нарығының белсенді қатысушысы ретінде әрекет ете алады немесе осы сайтта қарастырылатын компаниялардың бағалы қағаздары бойынша (немесе соларға байланысты инвестициялар бойынша) позицияларды иелене алады, оларды тікелей клиенттерге сата немесе олардан сатып ала алады, сондай-ақ аталған компаниялар үшін немесе оларға қатысты инвестициялық-банктік қызметтер немесе андеррайтинг бойынша қызметтер көрсете немесе көрсетуге ниеттене алады.

Біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз жөнінде толығырақ ақпаратты 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 43 мекен-жайы бойынша Банктің кеңсесінен алуға болады.

Бұл сайт біздің ақпаратты таратуымызды шектейтін заң хұкімдерінің резиденттері болып табылатын немесе осындай заң хұкімдерінде орналасқан тұлғаларға арналмаған. Осы беттерге кіретін тұлғалар тиісті шектеулер туралы мәлімет алуға және оларды орындауға тиіс.

Басына оралу ^

Сайттың шарттары

Сізден осы сайтты («Сайт») пайдаланбас бұрын төменде келтірілген ақпаратпен көңіл қойып танысуыңызды өтінеміз. Сайтқа қатынай отырып, Сіз сол әрекетіңіз арқылы төмендегі шарттар мен ескерімдерді («Шарттар») орындауды міндетіңізге аласыз.

«Сіз», «Сіздің» және «Сізді» сілтемелері Сайтқа қатынауды жүзеге асыратын тұлғаға (тұлғаларға) жасалған сілтемелер болып табылады. «Біз», «бізді» немесе «біздің» сілтемелері HSBC банкіне жасалған сілтемелер болып табылады. «HSBC тобына» жасалған сілтемелер HSBC Holdings plc, оның еншілес және қауымдастырылған компанияларына жасалған сілтемелер болып табылады.

Басына оралу ^

Шарттар

Біздің барлық өнімдеріміз бен көрсететін қызметтеріміз, сондай-ақ HSBC тобының басқа компанияларының өнімдері мен көрсететін қызметтері осындай өнімдер мен қызметтерді көрсетуге негіз болатын тиісті келісімдерде жазылған шарттармен және ескерімдермен реттеледі.

Аталған Шарттар Сайттың беттерінде орналастырылған басқа шарттармен және ескерімдермен бірге қарастырылуға тиіс. Қандай да бір алшақтықтар болған жағдайда, Сайттың беттерінде орналастырылған шарттар мен ескерімдер осы Шарттардың алдында басым күшке ие болады.

Осы Сайттың беттеріндегі ақпарат, материалдар және олардың мазмұны кез келген уақытта ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Аталған Шарттар осы мәтінді жаңарту жолымен кез келген уақытта ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Сіз Шарттарды мезгіл-мезгіл қайта қарауға келісесіз, бұл орайда Сіздің осы Сайтты әрі қарай пайдалануыңыз Сіздің кез келген өзгерістермен келісетіңізді білдіреді.

Басына оралу ^

Ұсыныстың болмауы

Сайтта жазылған ешқандай ақпарат та, не қандай да бір пікір де қандай да бір бағалы қағаздарды, қаржылық құралдарды немесе қызметтерді сату туралы ұсыныс немесе сатып алу туралы ұсыныс жасауға шақыру болып табылмайды, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға, басқа қаржылық құралдарға немесе қызметтерге қатысты кеңес немесе ұсыныстама болып табылмайды.

Басына оралу ^

Пайдаланушылар

Қазіргі кезде Сайт оған қатынауды Қазақстан Республикасының аумағынан жүзеге асыратын тұлғаларға арналады. Осыған байланысты осы Сайттың немесе ондағы ақпараттың Қазақстан Республикасының шектерінен тыс пайдалануға сай келетініне немесе жарайтынына кепілдік бере алмаймыз.

Сіз өз компьютеріңізді пайдаланатын қандай да бір тұлғаның Сайтты пайдаланғаны үшін толық жауапкершілік көтересіз, және Сіз осындай тұлғаның осы Шарттарды орындауын қамтамасыз етуге тиіссіз.

Басына оралу ^

Кепілдіктердің болмауы

Төмендегі шарттар Сайтқа байланысты біздің құқықтық жауапкершілігімізді шектейді. Сізден осы шарттармен көңіл қойып танысуыңызды өтінеміз. Аталған шарттар тек заңмен рұқсат етілген шектерде ғана әрекет етеді, атап айтқанда, біз Сіздің алдыңыздағы өзіміздің міндеттеріміз бен жауапкершілігімізді жоққа шығармаймыз және шектемейміз.

Сайтта келтірілген ақпараттың дәлдігін, өзектілігін, ашықтығын, шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін біз шаралар қабылдағанымызға қарамастан, ақпарат «шынайы қалпында» және «қаншалықты ашық болғанына қарай» беріледі, бұл орайда біз ешқандай айқын білдірілген немесе топшыланатын кепілдіктер мен куәліктерді бермейміз. Сіз Сайтты пайдаланған кезде, тек өз тәуекеліңізбен ғана пайдаланасыз. Біз Сайтта жазылған ақпаратты Сіздің заң бойынша қаншалықты жол берілетін болса, соншалықты дәрежеде пайдалануыңыздың нәтижесінде немесе оны негізге алғаныңыздың нәтижесінде пайда болатын кез келген залал немесе кез келген түрдегі нұқсан үшін жауапкершілік көтермейміз.

Біз Сайттың әрқашан ашық әрі Сіздің талаптарыңызға сай болатыны, оған әрқашан да қатынау мүмкіндігі болатыны, кідіріс, бас тарту, қате, олқылық болмайтыны немесе берілетін ақпараттың жоғалмайтыны, вирустар немесе басқа да зиянды немесе бүлдіретін элементтердің болмайтыны немесе Сіздің компьютерлік жүйеңізге нұқсан келтірілмейтіні туралы куәліктер мен кепілдіктерді бермейміз. Деректерді және (немесе) жабдықты тиісті түрде қорғау және сақтық көшірмесін жасау үшін, сондай-ақ компьютерлік вирустар мен басқа да бүлдіретін элементтерді анықтау мақсатында ақылға қонымды әрі қажетті сақтық шараларын қабылдау үшін Сіз жеке дара жауапкершілік көтересіз.

Біз үшінші тұлғалардың Сайтқа қатысты пайдаланылуы мүмкін бағдарламалық жасақтамасының дәлдігіне, мүмкіндіктеріне және тиімді жұмысына қатысты куәліктер және кепілдіктер бермейміз.

Басына оралу ^

Үшінші тұлғалардың сайттары және гарантиялар

Егер біз Интернет желісіндегі басқа сайттарға немесе беттерге гиперсілтемелер берсек, біз бұны тек ақпарат беру мақсатында ғана жасаймыз. Егер осы Сайтта қандай да бір сайттарға немесе беттерге сілтеме жасалса, немесе басқа сайттарда немесе беттерде осы Сайтқа сілтеме жасалса, біз олардың мазмұны үшін жауапкершілік көтермейміз. Біз ондай сайттардың мазмұнын тексерген жоқпыз. Сілтемелер бойынша басқа сайттарға немесе беттерге өтуді Сіз өзіңіздің жеке тәуекеліңізбен жүзеге асырасыз, ал біз осындай сілтемелерге байланысты келтірілген қандай да бір залалдар үшін жауапкершілік көтермейміз. Жүктеуге арналған бағдарламалық жасақтама орналасқан сайттарға сілтемелер тек қолайлылық үшін беріледі, және де біз бағдарламалық жасақтаманы жүктеуге байланысты қандай да бір қиындықтар мен салдарлар үшін жауапкершілік көтермейміз. Жүктелген қандай да бір бағдарламалық жасақтаманы пайдалану осындай бағдарламалық жасақтамаға ілесе жүретін немесе онымен қоса берілетін лицензиялық келісім болған жағдайда, осындай келісімнің шарттарымен реттеледі.

Біздің Сайтта берілген ақпарат кез келген үшінші тұлғаларды немесе олардың кеңестерін, пікірлерін, ақпаратты, өнімдерді немесе көрсетілетін қызметтерді қандай да бір жолмен тікелей немесе жанама түрде растауды немесе құптауды білдірмейді.

Басына оралу ^

Интернет арқылы электрондық почта

Интернет арқылы берілетін хабарлардың толық сақталуына кепілдік жоқ, себебі олар ұрлануы, жоғалуы немесе өзгертілуі мүмкін. Біз осындай хабарлар үшін жауап бермейміз және Сіздің немесе басқа тұлғалардың алдында Сіз Банктің мекен-жайына жолдаған кез келген хабарға немесе Банк Сіздің мекен-жайыңызға Интернет арқылы жолдаған хабарға байланысты қандай да бір залалдар үшін жауапкершілік көтермейміз.

Басына оралу ^

Тауарлық белгілер және авторлық құқықтар

Егер басқаша көрсетілмеген болса, осы Сайтта келтірілген бейнебеттік кескіндерге, олардың құрамындағы ақпарат пен материалдарға деген авторлық құқық HSBC тобына тиесілі немесе HSBC тобы оларды лицензия бойынша пайдаланады. Біздің Сайттың бөліктерін жеке мәліметіңіз үшін немесе біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдаланған кезде Сіздің басып шығаруыңызға, көшіруіңізге, жүктеуіңізға немесе уақытша сақтауыңызға болады. Сіз оларға ешқандай өзгерістер енгізбеуге тиіссіз. Біздің алдын ала жазбаша рұқсатымыз болмаса, оларды басқа мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Атап айтқанда, біздің Сайттың бөліктерін қандай да бір басқа сайтта пайдалануға немесе біздің Сайтқа сілтемелерді қандай да бір басқа сайтта біздің алдын ала жазбаша рұқсатымызсыз орналастыруға тыйым салынады.

Басына оралу ^

Ақпаратты қорғау

Сіздің Сайтпен әрекеттесуіңіздің нәтижесінде біз Сіз Сайтқа кірген кезде алынған Сіз туралы жеке ақпаратты несиелік шешімдер қабылдау және Сізбен қарым-қатынасқа қызмет көрсету үшін, алаяқтықты болдырмау және берешекті өндіріп алу үшін, Сіздің қаржылық мұқтаждарыңызды түсіну үшін, өз қызметімізді жүзеге асыру үшін және Сізге HSBC тобы мен жекелеген үшінші тұлғалардың ең үздік сапалы қызметтер мен өнімдерді ұсынуы үшін, біздің Сайт маркетингінің пәрменділігін бағалау және статистикалық талдау үшін сақтай және өңдей аламыз. Біз аталған ақпаратты HSBC Тобының басқа компаниялары немесе өкілдері осыған ұқсас әрекеттер жасай алуы үшін заңға сәйкес бере аламыз және осындай іс-әрекеттерді біз жасай алуымыз үшін олар Сіз туралы өздерінде бар ақпаратты бізге бере алады. Алаяқтықты болдырмау мақсатында және (немесе) заңның, мемлекеттік немесе сот органының, агенттіктің немесе біздің қызметімізді реттейтін органдардың тиісті өкілеттіктері болғанда талап ететін жағдайларда болмаса, немесе мердігерлердің немесе біздің өкілдеріміз ретінде әрекет ететін тұлғалардың қатаң құпиялылықты қамтамасыз ету тәртібінің негізінде болмаса, немесе Сіздің келісіміңіз немесе алдын ала ескертуіңіз болмаса, біз аталған ақпаратты HSBC Компаниялар тобының шегінен тыс жария етпейміз.

HSBC Тобында немесе оның қосалқы мердігерлерінде немесе өкілдерінде сақталатын бүкіл жеке ақпарат үшін рұқсатсыз немесе кездейсоқ жария болудан, қатынаудан немесе жойылудан жоғары қорғаныс дәрежесі қамтамасыз етіледі. Осы Шарттарды қабылдай отырып, Сіз аталған ақпараттың жоғарыда көрсетілген түрде пайдаланылуы және басқа тұлғаларға берілуі мүмкін екеніне келісесіз.

HSBC өз клиенттерінің жеке деректерін жинайды және өңдейді. Мұндай деректер қызметтер көрсету мақсатында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жиналады және өңделеді.

Басына оралу ^

Қолданылатын заңнама

Осы Шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Пайда болуы мүмкін кез келген даулар аталған мемлекеттің соттарының айрықша емес заң өкімінде болады.

Басына оралу ^

Банк туралы ақпарат

Банктің толық атауы:

"HSBC Банк Қазақстан" Акционерлік қоғамы Еншілес банкі.

Банктің орналасқан жері: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 43

Басына оралу ^

Біздің Сізге берер уәдеміз – бұл комиссияларымыздың ашықтығы

HSBC-де біз Сіздің жасаған барлық төлемдердің және комиссиялардың құжатталғанын, келістірілгенін және ашық болғанын маңызды деп есептейміз. Біз клиенттермен әділдік принциптеріне негізделіп жұмыс істейміз. Барлық комиссиялар біздің стандартты тарифтермен расталады немесе Сіз бен HSBC арасындағы ресми келісімге қосылған. Егер де белгілі бір кезеңде Сізге бір нәрсе түсініксіз болғанда, біз оны Сізге толығымен түсіндіруге дайынбыз.

HSBC, және HSBC банкінің қызметкерлері, ешқашан келісімде немесе біздің стандартты тарифтерде жоқ артық төлемдерді талап етпейді. Сіздің барлық шығындарыңыз түбіртекпен расталады немесе Сіздің арызыңызда тізбектеп жазылады. Егер де біз аталған міндеттемені орындап жатқанымыз жоқ деп ойласаңыз, немесе Сізге қосалқы төлемді жасау керек дейтін болса, онда, осы жайтты түзету үшін, бізге бірден хабарлауыңызды сұраймыз.

Сіз біздің кез келген қызметкерімізге хабарласа аласыз немесе, Сізге ыңғайлы болса, Құпия Сенім Желісіне +7 (727) 259 69 69 немесе compliance@hsbc.kz электронды поштаға хабарласа аласыз. Қалауыңыз бойынша, Сіздің хабарламаңыз оңаша бола алады. Біз кез келген ақпаратты үлкен жауапкершілікпен қарастыратынымызға кепілдік береміз.

Өзімізге келер болсақ, біздің қызметкерлер Сізден ресми түрде құжатталып келістірмеген төлемдердің өтеуі туралы ұсыныстарды күтпейді.

HSBC-ді таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Басына оралу ^