Бұл сайтта Интернет желісіндегі басқа беттерге немесе сайттарға гиперсілтемелер болуы мүмкін. Аталған гиперсілтемелер осы сайтты («HSBC») басқаратын, HSBC Тобына тиесілі компаниясымен байланысы жоқ үшінші тұлғалар жариялаған немесе басқаратын сайттарға апарады. Біздің сайтта олар тек ақпараттық мақсаттарда орналастырылған. Сізге ыңғайлы болу үшін біз тек жақсы беделі бар сайттарды және ақпарат көздерін ғана таңдауға тырысамыз.
Дегенмен, егер HSBC басқаша мәлімдемеген болса, сыртқы сайтқа немесе веб-бетке гиперсілтеме беруді қандай да бір үшінші тұлғаларды немесе олар өздерінің сайттарында ұсынатын қызметтер/өнімдерді HSBC банкінің көрсетуі, құптауы, кепілдік беруі немесе ұсынуы ретінде немесе аталған үшінші тұлғалармен және сайттармен ынтымақтастықтың қандай да бір түрі ретінде қарастырмау керек.
Біз сырттан қатынауға болатын қандай да бір сайттың немесе веб-беттің мазмұны үшін жауапкершілік көтермейміз. Аталған сілтемелерді Сіз өзіңіздің жеке тәуекеліңіз бойынша пайдаланасыз және олар арқылы өтесіз, сондықтан HSBC осындай сілтемені Сіздің пайдалануыңызға байланысты келтірілген қандай да бір залал немесе нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді. Егер HSBC тарапынан айқын көрсетілген нұсқау немесе келісім болмаса, HSBC банкі Сіз бен сыртқы сайттың провайдері арасында жасалған қандай да бір келісімдердің тарабы болып табылмайды.
Құрамында жүктелетін бағдарламалық жасақтама бар сайттарға кез келген сілтемелер тек Сізге қолайлы болу үшін берілген. Біз сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманы жүктеу кезінде Сізге кездесуі мүмкін қандай да бір қиындықтар үшін немесе осындай жүктеудың қандай да бір салдарлары үшін жауапкершілік көтермейміз. Интернет желісінен жүктелген қандай да бір бағдарламалық жасақтаманы пайдалану лицензиялық келісіммен реттелуі мүмкін екенін және Сіздің осындай лицензиялық келісімнің шарттарын орындамауыңыз бағдарламалық жасақтаманың тиісті провайдерінің интеллектуалдық меншік құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін екенін ұмытпауыңызды өтінеміз, біз бұған жауапты емеспіз.
Сілтемені басып, және біздің сайттан шыққаннан кейін Сіз өзіңіз таңдаған басқа сайтты пайдалану шарттары мен құпиялылық саясатының әрекетіне түсетіңізді ұмытпауыңызды өтінеміз.
Сізге қолайлы болу үшін Сіз сондай-ақ HSBC Тобының басқа сайттарына гиперсілтемелерді пайдалана аласыз. Аталған сайттарда ұсынылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тек тиісті заң өкімдерінің резиденттері болып табылатын немесе осындай заң өкімдеріне жататын тұлғаларға ғана арналған болуы мүмкін. Сонымен қатар, біз сілтемелерін беретін осы сайттардың мазмұны осындай ақпаратты таратуды шектейтін заң өкімдерінің резиденттері болып табылатын немесе осындай заң өкімдеріне жататын тұлғаларға арналмаған болуы мүмкін. HSBC Тобының әр компаниясының сайтын пайдалануды реттейтін шарттар әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан сайтты пайдаланбас бұрын Сізге қолданыстағы шарттармен көңіл қойып танысу қажет.
Үшінші тұлғаның веб-сайтынан HSBC Тобының қандай да бір сайтына қандай да бір түрдегі гиперсілтемені жасамас бұрын, Сізге HSBC тобының алдын ала жазбаша рұқсатын алу керек. HSBC осындай рұқсатты тек өзінің қарауы бойынша беруі немесе беруден бас тартуы мүмкін. HSBC осы сайтқа қандай да бір үшінші тұлғаның сайтында көрсетілген сілтеме үшін жауапкершілік көтермейді. Осылайша орналастырылған кез келген сілтемелер аталған үшінші тұлғаның веб-торабымен HSBC тобының ынтымақтастығы бар екенін немесе оны қолдайтынын білдірмейді. Егер біз Сізге керісінше ақпарат бермесек, осы сайтқа кез келген сілтеме әрқашан да белсенді әрі біздің сайтқа тура сілтеме болып табылады және тікелей біздің сайттың өзіндік бетіне немесе басты бетіне апарады, бұл орайда біздің сайтпен немесе оның мазмұнымен framing немесе deep-linking жасауға жол берілмейді.
HSBC тобы Сіз немесе қандай да бір үшінші тұлға аталған сілтемеге байланысты көтерген қандай да бір залал немесе нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді. HSBC өзінің қарауы бойынша кез келген уақытта жай сілтеменің немесе басқа бір түрдегі сілтеменің көмегімен қосылуға рұқсаттың күшін жою құқығын және HSBC тобының қандай да бір веб-торабына сілтемені жоюды талап ету құқығын өзінде қалдырады.
ЕСКЕРТУ!: Осы сайтқа немесе оның кез келген бетіне барған кезде, Сіз жоғарыда баяндалған шарттарды, сондай-ақ «Құқықтық ақпарат» сілтемесі бойынша баяндалған жалпы шарттарды қабылдайсыз.