HSBC-дің Әлемдік нарықтар қызметі сол салада әлемдегі ең ірі қызметтердің бірі болып табылады. Ол отандық білім мен HSBC-дің Нью-Йорк, Лондон және Гонконгтағы операциялық залдарында қызмет ететін мамандардың тәжірибесін біріктіреді. HSBC әлемнің орталық банктерінің, халықаралық және жергілікті корпорациялардың, институционалды инвесторлардың, несие-қаржы мекемелері мен басқа да нарыққа қатысушылардың талаптарына қызмет көрсетеді. HSBC клиенттерге кең ауқымды өнімдермен ( оның ішінде шетелдік валютаны басқару, пайыздық ставка тәуекелі мен активтерді басқару) оншорлық және оффшорлық нарықтарға қол жеткізуді ұсынады.
Біздің Корпоративтік және Институционалды саудамен айналысатын жігерлі топтарымыз клиенттерімізді заманауи нарық туралы біліммен, кеңеспен қамтамасыз етіп, операциялық күн ішінде мәмілелерді уақытылы орындайды. HSBC Банк Қазақстан Қаржы министрлігі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздары бойынша аукционның бастапқы дилері болып табылады және осындай бағалы қағаздар типтері бойынша брокерлік қызмет ұсынады.
HSBC Тобының Әлемдік нарықтары туралы қосымша ақпарат үшін мында басыңыз.