Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Конверсиондық операциялар

HSBC-дің қаржылық нарықтарда жұмыс істеуде көп жылдық тәжірибесі бар. Біздің корпоративті клиенттеріміз бен қаржылық институттарға біз конверсиондық операциялар (спот, форвард және валюталық опциондар) бойынша қызметтердің кең ауқымын ұсынамыз. Біз өз клиенттерімізге валюталық және пайыздық тәуекелдерді хеджирлеуде тиімді әрі сапалы шешім табуға көмектесеміз.

HSBC -  әлемдік валюта нарығының негізгі қатысушысы, ол тәулік бойы барлық сатылатын валюталар бойынша тиімді бағамдарды ұсынады. HSBC Тобы дүниежүзі бойынша 60 ел мен аумақта орналасқан 75 қазынашылық сайтта валютаны саудаға салады. Біздің тәжірибеміз Сіздің қаржылық болжам жасап және тәуекелді басқаруыңызға көмектесе алады. Біз корпоративтік және институционалды клиенттерімізге спот және форвардты нарықтарда валюта алмастыру бойынша кешенді қызмет ұсынамыз, және дамушы елдер валюталарынан бастап Үлкен Жетілік елдері валюталарына дейін валюта тәуекелін хеджирлеу үшін ең жақсы шешімді табуға көмектесу бойынша жұмыс істейміз.

Сұрақ бар ма?

Бізге хабарласыңыз: +7 727 259 69 72

Спот конверсиондық мәмілелері

Спот келісім-шарты - нақты бір шетелдік валюта мөлшерін ағымдағы нарықтық ставкамен бүгінгі, ертеңгі және валютаның шотқа түсу күнінен бастап өтеу үшін сатып алуға немесе сатуға міндеттейтін міндеттеме. Мәмілені жасау үшін сатып алынатын немесе сатылатын валюта сомасын және есеп-айырысу датасын айту керек.

Негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтары:

  • Кез-келген өтімді валюта жұбы бойынша конверсиондық операцияларды жүргізу
  • Ашық баға белгілеу
  • Конверсиондық операцияларды жүргізу бойынша шығындарды минималдау
  • Өтініш бойынша мәмілелерді өткізу уақытының ұзақтығы
  • Барлық мәмілелер жазбасы сақталатын телефон желісі немесе HSBC FXnet электронды сауда жүйесі арқылы жасалады
  • Конверсиондық операцияларды жүргізу үшін HSBC-де ағымдағы шотты ашу қажет емес 

Форвард конверсиондық мәмілелері

Форвард – валюталық тәуекелді азайту әдістерінің ең қарапайымы. Бұл шетелдік валютамен жасалатын импорт немесе экспорт мәмілелері бойынша кездестіруіңіз мүмкін проблемалардың бірін шешеді, себебі Сіз енді валюта алмастырудың кепілді бағамымен бюджет түзуіңізге болады.
Форвардты валюта алмастыру келісім-шарты - нақты бір шетелдік валюта мөлшерін болашақта нақты бір белгіленген күнге алдын-ала келісілген ставкамен басқа валютамен сатып алуға немесе сатуға міндеттейтін міндеттеме. Мәмілені жасау үшін сатып алынатын немесе сатылатын валюта сомасын және болашақ есеп-айырысу датасын айту керек.
Баға белгілеу
Форвардтық мәміленің бағасы ағымдағы валюта курсына негізделеді, бұнда мәміле жасау кезіндегі қатысушы валюталар пайыздық мөлшерлемелерінің айырмашылықтары ескеріледі.

Негізгі ерекшеліктері мен пайдалары:

  • Айырбас бағамында жағымсыз өзгерістің болуына қарсы қорғаныс
  • Болашақтағы мәміле үшін нақты бағамды бекіту мүмкіндігі қосымша комиссиясыз
  • Конверсиондық операцияларды жүргізу үшін HSBC-де ағымдағы шотты ашу қажет емес