Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Сауда және жеткізу тізбегі

Халықаралық нарықтарда сатып алушылармен және сатушылармен жұмыс істеу уақытты, күшті және ақшаны талап етеді. Біздің құралдар мен ресурстарымызды игілігіңізге қолданыңыз және халықаралық нарықтағы біздің ұзақ мерзімді және кең тәжірибеміздің пайдасын көріңіз. Біздің банктің 140 жылдық бай тәжірибесіне сай HSBC-дің Сауда және жеткізу тізбегі біздің клиенттердің бизнестерінің ұзақ мерзімді дамуына қолдау көрсету үшін тамаша жасалған.

Біз жергілікті білім мен кең танылған, марапатталған халықаралық саудадағы тәжірибемізді тамаша үйлестіріп біріктіреміз. Біздің халықаралық саудадағы біліктілігіміз заманауи технологиядан және 50-ден астам eл мен аумақтардағы сенімді сауда қызметтерінің кең тараған торабынан демеу тауып отыр. Бұл ұтымды үйлесімдік біздің клиенттер бизнестерін дүниенің қай түкпірінде жасаса да, әлбетте бізді халықаралық сауда серіктестігі ретінде таңдауына итермелейді.

HSBC өз клиенттерімен үнемі серіктестік философиясы негізінде жұмыс істеуге тырысқан. Бұл клиенттеріміздің ісіне өз ісіміздей етіп мұқият және егжей-тегжейлі қарау дегенді білдіреді. Әлемдегі сауда қызметтерін ұсынатын ең ірі ұйымдардың бірі ретінде, клиенттеріміздің бизнесі қай түкпірде болса да, сол жерде оларға қолдау көрсету үшін Сауда және жеткізу тізбегі бойынша жергілікті мамандарымыз бар. Біз клиенттерімізге өз қызметтерін бақылауға көмектесуге және заманауи технологияларды қолдана отырып олардың сауда процестерін жылдамдатуға жәрдемдесе аламыз. Біздің мақсатымыз даму үшін ең жақсы ықтимал мүмкіндікті ұсына отырып, жеңіл және тиімді түрде импорт және экспорт амалдарын жасау болатындығына көз жеткізу.