HSBCnet бұл Сіздің бизнесіңізге арналған онлайн банк қызметтерінің шешімі. Ол Сізге өз шоттарыңызға қауіпсіз түрде, нақты уақыт режимінде қол жеткізуге мүмкіндік береді, оған қоса, шотты аударудан бастап халықаралық электрондық төлемдерге дейін, ақшаны басқару бойынша толық құралдар жиынтығы да бар.
HSBCnet біздің корпоративтік және кешенді коммерциялық клиенттерімізге кемелдендірілген қаржы шешімдерін ұсынады. Бұл шешімдердің ішінде қаржылық операцияларды реттеу, сауда қызметтері, қазынашылық және капитал нарығы бар, және қосымша өнімдер мен қызметтерді қамту үшін кеңеюде. Шоттарға глобалді вебсайт арқылы қол жеткізіледі және оны Сіздің жеке талаптарыңызға қарай реттеуге болады. Енді Сіз өз компанияңыздың қаржысын әлемнің кез-келген бұрышынан басқара аласыз.
HSBC Банк Қазақстан қазіргі таңда шетелдік клиенттерді шоттармен қамтамасыз етіп, HSBCnet-тің шектелген нұсқасын ұсынуда, бұл нұсқада тек қана BTR (баланс және транзакция туралы есеп) қызметі бар. Жергілікті клиенттер HSBCnetқызметтеріне келесі сатыда қол жеткізеді.
Электронды банктік қызметтермен қамтамасыз ету банктің қауіпсіздік процедураларына сәйкес жүзеге асырылады. Процедуралар банктің ішкі ережелері мен келісім-шартта көрсетіледі.
Технология дамып бара жатқан сайын, онлайн қызметте кездесетін қауіп те артуда. HSBCnet интернет-банкингті қауіпсіз етіп, қауіпсіздік технологиясын рұқсатты бақылаумен, инфрақұрылымның қауіпсіздігі үшін шаралармен және процесті үнемі бақылаумен біріктіреді.
HSBC бір логинмен, бір вебсайтта өзінің барлық корпоративтік және инвестициялық банктік қызметтерін ұсынатын банктер арасында ең біріншісі болып табылады.
HSBCnet-те біздің функционалдық қызметіміздің кең спекторы бір онлайндық жүйеге біріктірілген. Бүгінгі таңда, Сізге қай кезде қажет болса да өзіңіздің онлайн банкіңізге кіре аласыз, ал біздің марапатқа ие болған жекешелендіру мүмкіндіктеріміз өзіңізге қажетті қызметтерді ғана көруге мүмкіндік беріп, қосымша кедергілермен басыңызды ауыртпайды.
Түрлі форматтағы файлдарды көшіруді автоматтандырудың түсінікті әдістерін қолдану арқылы HSBCnet Сізге қолмен жасалатын жұмысты азайтуға, мәмілені жылдам орындауға және тікелей дұрыс жұмыс режимін жақсартуға, сол арқылы өз шығындарыңызды бақылауға көмектеседі.
Бұл қызмет жүйеге кіруді оңай және жұмыс істеуді арзан қылады. Интернет арқылы HSBCnet жүйесіне кіру кез-келген жерден икемді түрде жүзеге асырылады дегенді білдіреді, сондай-ақ, жүйені жаңғырту автоматты түрде болып, қымбат ревизия мен қолдауды қажет етпейді.