Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Төлемдер және ақшаны басқару

HSBC Банк Қазақстан әлемдік және жергілікті масштабтағы корпоративті клиенттерге, қаржылық ұйымдарға және банктік емес қаржылық ұйымдарға төлемдер мен ақшаны басқару бойынша шешімдерді ұсынады. Біздің мақсатымыз HSBC Тобының жергілікті біліктілігі және әлемдік деңгейде теңдесі жоқ ресурстары арқылы Сіздің отандық және әлемдік деңгейдегі қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын қызметпен қамтамасыз етеді.

HSBC Сізге бизнес мәмілелеріңізді басқаруға, және жергілікті мен халықаралық төлемдерді тез әрі оңай жасауға мүмкіндік беретін қызметтермен қамтамасыз етеді. Әлемнің барлық жерінде болуының арқасында HSBC корреспондент-банк арқылы өткізбей-ақ әлемнің көптеген негізгі валюталарында транзакция жасай алады.

Сондай-ақ, корпоративтік және институционалдық клиенттеріміз өз шоттарына типтік MultiCash электрондық банк қызметтері жүйесін қолдайтын жеке компьютер арқылы тікелей қол жеткізе алады және электрондық жолмен төлемдер жібере алады. Барлық хабарламалар мен есептерді де электрондық арналармен (MultiCash, HSBCnet) ала аласыз.

Қызметімізді ұзақ мерзімді қатынастардың іргетасы екендігін түсіне отырып, біз өз технологиялық құрал-жабдықтарымызға, өнімді дамытуға, зерттеулер мен қызметкерлерді жетілдіруге инвестиция жасауды жалғастырудамыз, және өзіміздің жетекші рөлімізді ұстап тұру ойына берікпіз.

Клиент нұсқауы (PDF, 292 kB)