Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

HSBC Кастодиандық қызметі

Біз өз клиенттерімізге кастодиандық қызмет сферасындағы квалификациясы жоғары қызметтерді ұсынамыз, соның ішінде қорларды басқару/администрациялау, жаһандық кастодиандармен, корпоративті трасттармен және несиелік агенттіктермен серіктестік, субкастодиандық мәмілелер, сондай-ақ халықаралық 

Сұрақ бар ма?

Телефон шалыңыз: + 7 727 259 69 23 / 24 / 25 / 26

компанияларға активтерді басқару бойынша көрсетілетін қызметтер. Бізге сенім білдірген клиенттеріміз АҚШ пен Ұлыбританиядағы ең жоғарғы 14 жаһандық кастодиандарды, Азия, Еуропа және Жапониядағы ірі кастодиан банктерді құрайды. Сондай-ақ, біз Азия мен Таяу Шығыста өз қатысуымызды дамытып кеңейтудеміз, және ол жерлердегі негізгі инвестициялық банктер біздің қызметтерімізді қолданады.

Біздің артықшылықтарымыз:

Клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету

Біздің мақсатымыз клиенттермен жұмыс істеген кезде клиентке бағытталған, белсенді, икемді және жауапты болу. Сізге біздің Алматыдағы клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен қоса Нью-Йоркта, Лондонда, Токиода, Гонконгта, Сингапурда немесе Тайпейде орналасқан Клиенттермен байланыс жөніндегі менеджерлер де қызмет көрсетеді.

Ұзақ мерзімді жоспарлар

Біз Қазақстандағы шетелдік инвестициялық активтер көлемі бойынша ең ірі кастодианбыз және осы қалыпты сақтап қалып, ұзақ мерзім бойы өз жағдайымызды жетілдіруді көздейміз.

Жергілікті болу, жаһандық перспектива

Тәжірибесі бай және жергілікті практиканы жақсы білетін жергілікті мамандар операциондық қызметті жүзеге асыруда. Біздің халықаралық деңгейдегі мамандарымызбен серіктесе отырып және ең жақсы халықаралық практикаларды қабылдай отырып олар үнемі жоғары межелерді орнатуда.

Нарыққа ықпал ету

HSBC Банк Қазақстан реттеуші органдармен серіктестік қатынастар арқылы жергілікті құнды қағаздар саласында нарыққа белсенді ықпал етеді. Қаржыгерлер қауымдастығының беделді мүшесі ретінде біз қаржы нарықтарын реттейтін заңдарды әзірлеуге және дамытуға үлесімізді қосамыз.

Уақытылы және орынды ақпарат

Өзіміздің жаңалықтарды тарату арналарымыз, жаңалықтар легі және ай сайынғы нарық жаңартулары арқылы біз клиенттерге жергілікті және халықаралық нарықтағы дамулар туралы соңғы жаңалықтарды беріп тұрамыз. Біздің Анықтамамыз Қазақстандағы нарық практикалары туралы толық ақпарат беріп тұрады.

HSBC-дің адалдығы, сенімділігі және қаржылай күші 

HSBC банкінің кастодиандық қызметі HSBC Тобының негізгі құндылықтарына сәйкес келеді: ынтымақтастық, сенімділік, тұрақты инновация және Клиенттерге жақсы қызмет көрсету.