Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Бағалы қағаздарды сақтау және есепке алу

HSBC 2000 жылдан бері Қазақстанда кастодиандық және коммерциялық банк қызметтерін ұсынуда. Бізге сенім білдірген клиенттеріміз АҚШ пен Ұлыбританиядағы ең жоғарғы 14 жаһандық кастодиандарды, Азия, Еуропа және Жапониядағы ірі кастодиан банктерді құрайды. Біз өз клиенттерімізді бірыңғай тұтас банк қызметтерімен қамтамасыз ету үшін банктегі Қазынашылық, Несие, Төлемдер және ақшаны басқару бөлімдерімен өз қызметімізді үйлестіріп келеміз. Сондықтанда, біз сияқты әлемнің түкпір-түкпірінде болмаған, технологиясы мен тәжірибесі жоқ жергілікті қызмет ұсынушылармен салыстырғанда біз әлде қайда артықшылыққа иеміз.

Сұрақ бар ма?

Телефон шалыңыз: + 7 727 259 69 23 / 24 / 25 / 26

Қазақстанда Бағалы қағаздарды Сақтау және Есепке алу қызметі бойынша көрсетілетін қызметтер мыналар:

  • Бағалы қағаздарды жеткізіп беру мен қабылдау қызметтері бойынша жергілікті нарықта мәмілені орындау. Мәмілені орындау барысы туралы қосымша ақпарат алу үшін мында басыңыз: Құжаттарды жүктеу
  • Clearstream Banking S.A. банкінің халықаралық депозитариі арқылы бағалы қағаздарды жеткізіп беру мен қабылдау қызметтері бойынша дүниежүзілік нарықта мәмілені орындау
  • Сауданы растау/портфель баланстары туралы анықтамалар және кассалық
  • Корпоративтік шешімдер туралы есеп және басқару
  • Бағалы қағаздар бойынша табысты қабылдау және бөлу
  • Сенімді тұлғаның дауыс беруі
  • Бағалы қағаздарды сатудан және корпоративтік қызметтерден (дивидендтер/сыйақылар) түскен табыс бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыру
  • Орталық депозитарийде және Clearstream Banking S.A. Банкінде клиенттердің суб-шоттарын ашу
  • Қазақстан Ұлттық Банкіне және басқа да реттеуші органдарға есеп беру
  • Валюталық операцияларды жүзеге асыру (конвертация)