HSBC Банк көмегімен өз бизнесіңізді жоғары деңгейге көтеріңіз! Корпоративтік бизнесті қаржыландыру күрделі және маңызды шешім. Сіз қай салада және географиялық жерде істесеңіз де, біздің корпоративтік бизнес жөніндегі мамандарымыз Сізге түрлі типтегі қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, кемелдендірілген және инновациялы шешімдерді ұсына алады.
Сізге қысқа мерзімді несие мейлі өндірістік немесе операциондық мақсаттарға қажет болсын, HSBC икемді төлеу мерзімдері мен бәсекелестікке қабілетті бекітілген немесе құбылмалы пайыздық ставканы 12 айға дейін ұсынады.
HSBC мамандары Сіздің бизнесіңіздің мақсаттарына сәйкес келу үшін Сізге ең дұрыс мерзімді, өнімдер мен валютаны таңдауға көмектеседі. Айналым капиталын толықтыруға арналған жаңартылып тұратын лимиттің түрлі типтері болады: қысқа мерзімді несиелер, гарантиялар, құжаттандырылған аккредитивтер (Аккредитив) және осылардың кез-келгендерінің қосындысы.
Бизнес жүргізген кезде күтпеген шығындардың болуы мүмкін. Жаңа мүмкіндіктердің өтіп кетуіне жол бермеңіз және Овердрафт арқылы қосымша қаржыландыруға қол жеткізіңіз. Овердрафт – жаңартылып тұратын несие нысаны, Сіздің ағымдағы шотыңызға бір жылдық мерзімге беріледі және жыл сайын жаңартып тұруға болады.
HSBC өсу мен дамуға инвестиция жасау бойынша ұзақ мерзімді жоспары бар клиенттер үшін инновациялық шешімдерді әзірлеуде. Біз негізгі қорларды сатып алуды, дамыту мен жаңғыртуды ұзақ және орташа мерзімді қаржыландыруға, синдикатталған қаржыландыруды қоса есептегенде, мүмкіндік береміз. Осы процестің бір бөлігі ретінде ағымдағы қарыздық міндеттемелерді жабу үшін аралық қаржыландыруды ұсына аламыз.
Несиені алу үшін мүлік құнын бағалау керек. Бағалаушы компаниялардың тізімін мұнда көре аласыз.
HSBC Банк Қазақстан HSBC Тобының бір бөлігі ретінде Сіздің бизнесіңізге кез-келген халықаралық қызметті ұсына алады. Ол Синдикатталған несиелер мен қарыздық капитал нарықтарының облигацияларынан басталып, акцияларды алғашқы орналастыру қызметімен аяқталады.
Қосымша ақпарат және құжаттар үшін мында басыңыз: Құжаттарды жүктеу