Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Депозиттер

Біз депозиттік және инвестициялық шешімдерді Сіздің жылдам және стратегиялық инвестициялық қажеттіліктеріңізге сәйкестендіреміз.

Жедел депозиттер

Жинақталған қаражаттардан қосымша табыс алуды көздейтін компаниялар үшін жедел депозит ең оңай шешім болып табылады. Қаражаттар белгілі бір мерзім аясында жедел депозит шотында және алдын-ала келісілген пайыздық ставка бойынша сақталады,пайыздардың төленуі депозит мерзімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Біздің жедел депозиттер арқылы Сіз кәдімгі жинақтаушы немесе ағымдағы шоттарға қарағанда жоғары пайыздық ставканы ала аласыз. Жедел депозиттер – сенімді капитал салымы. HSBC Банк түрлі валюталарда (теңге, АҚШ доллары, Евро, фунт стерлингі) және түрлі мерзімге (1, 3, 6, 12  және 24 ай) ашылатын, бәсекелестікке қабілетті ставкамен депозиттерді ұсынады. Бұл арқылы Сізге қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялық мақсаттарыңызға сәйкес келетін икемді таңдау құқығы беріледі. Депозит мерзіміңіз аяқталғанда оның мерзімін автоматты түрде ұзартуды немесе қаражат сомасы мен жиналған пайызды Сіздің ағымдағы шотыңызға аударуды Сіз өзіңіз таңдайсыз.

Бизнесіңіздің қажеттіліктері қандай болса да, біз Сізге көмектесуге дайынбыз. Сіз өзіңіздің артық ақшаңызды қысқа мерзімнен бастап 2 жылға дейінгі мерзімге, пайыз алу үшін және айналымдағы капиталды тиімді басқару үшін, белгілі бір кезеңнен кейін кепілді түрде пайыздық ставкамен қайтатындығына сенімді бола отырып сала аласыз.

Пайдасы мен ерекшеліктері:

  • Бәсекеге қабілетті мөлшерлеме мен кепілді түрде қайтару
  • Қаржы нарығының пайыздық ставкалары
  • Мерзім ауқымы кең – қысқа мерзімнен 24 айға дейін

Қосымша ақпарат және құжаттар үшін мында басыңыз: Құжаттарды жүктеу