HSBC үшін Корпоративтік Әлеуметтік Жауапкершілік– ұзақ мерзімді жетістікке жету үшін жауапты және парасатты түрде бизнесті басқару дегенді білдіреді. Біздің мақсатымыз қандай да бір жолмен пайда табу емес, және ондай болған де емес, себебі, ертеңгі күннің жетістігі бүгінгі таңда тұрғызған сенімге байланысты екендігін білеміз. Біз өз клиенттеріміздің, акционерлеріміздің, қызметкерлеріміз бен мүдделі тараптардың күтімдеріне сай келуге тырысамыз.
Әлемнің ең ірі банктерінің бірі болу - біз қабылдаған шешімдердің ықпалы үлкен болуы мүмкін екендігін білдіреді. Біз әлеуметтік зияны және қоршаған ортаға келтіретін зияны экономикалық пайдасынан басым келетін жобалардан аулақ болып, жауапкершілікті сезіне отырып несие беруді, инвестиция жасауды мақсат тұтамыз. Адам қызметінен туындайтын зиянды нәтижелерді (жерді, ауа мен суды ластау, және ресурстарды азайту) азайтуда қоршаған орта үшін жауапкершілікті үкіметпен және тұрғындармен бөлісу өз міндетіміз деп білеміз.
Қоғамның дамуына үлес қоса отырып, HSBC қызметкерлері әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады.
Кез-келген елдің дамуы мен гүлденуі үшін білім өте маңызды. Білімге инвестициялай отырып, біз сенімділік пен ашық мүмкіндіктер атмосферасын құруға тырысамыз.
SOS балалар ауылы – HSBC 8 баласы бар бір жанұяға ұзақ мерзімді демеуші болып табылады. Банк қызметкерлері ауылдың балаларына арнап іс-шаралар ұйымдастырады, және қаржылай көмектен тыс сүйіспеншілік және күтіммен аймалауға тырысады.
SOS Ойын Автобусы – HSBC Банк Қазақстан SOS Ойын автобусына демеушілік жасайды, бұл жылжымалы Әлеуметтік Орталық болып табылады.Бұл автобуста жағдайы төмен отбасылар мен балаларға әртүрлі жерлерде ойын ойнауға мүмкіндік беріп, көмек көрсетіледі.
Қазақ-Британ Техникалық Университетіне (ҚБТУ) демеушілік жасау – HSBC Банк Қазақстан ҚБТУ-мен бірлесе отырып ҚБТУ магистратурасын қолдау жөніндегі 3-жылдық бағдарламаны жүзеге асыруда. Қаржылай қолдауға қоса, банк студенттерге практиканы өту, штатқа жұмысқа тұру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін ұсынады.
Қаладағы ақын– HSBC-дің Қаладағы ақын жобасымен серіктесе отырып әзірлеген Мәдени тәжірибе алмасу бағдарламасы. Мақсаты – поэзияда жаңа байланыстар орнату. Осы бағдарлама аясында Қазақстандық ақын Канаданың Ванкувер қаласына жіберіліп, Қазақстан имиджін көтеріп, тәжірибе алмасады.