Біз әлемдік жергілікті банк болып табыламыз.
HSBC - әлемдегі банктік және қаржылық қызметтерді ұсынатын ең ірі ұйымдардың бірі. Бас офис Лондонда орналасқан. HSBC-дің халықаралық желісі Еуропада, Азия-Тынық мұхит өңірінде, Солтүстік және Латын Америкада, Таяу Шығыс пен Африкада орналасқан, 87 мемлекет пен аумақта 7 500-ға жуық офисті құрайды.
Лондон, Гонконг, Нью-Йорк, Париж және Бермуд қор биржаларындағы тізімдерге іліккен HSBC Holding Plc акциялары 100-ге жуық елдер мен аумақтарда 200 000 шамасындағы акционерлердің иелігінде. Нью-Йорк Қор биржасындағы акциялар Американдық депозиттік қолхат формасында сатылады.
Заманауи технология көмегімен, қарқынды дамып келе жатқан электрондық сауда мүмкіндіктерін қоса есептегенде, біріктірілген халықаралық жүйе арқылы HSBC кең ауқымды қаржы қызметтерін ұсынады: жеке тұлғаларға, шағын және орта кәсіпорындарға, ірі организацияларға, банктерге қаржылық қызмет көрсету және жеке капиталды басқару.