«HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ әлемдегі банктік және қаржылық қызметтерді ұсынатын ең ірі ұйымдардың бірі - HSBC Тобының еншілес банкі.
HSBC Банк Қазақстан Қазақстанда 1998 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда HSBC Банк Қазақстан қаржылық қызметтерді ұсынатын танымал жабдықтаушы болып табылады.
Біз жеке тұлғалардан бастап, шағын және орта кәсіпорындарға, корпорациялар мен кәсіпорындардың басқа түрлеріне дейін қаржылық қызметтер, өнімдер мен кеңесті ұсына аламыз. HSBC Тобының қаржылық ауқымдылығынан және әлемдік дәрежеде орналасуынан демеу таба отырып, біз әлемдік жергілікті банк болып табыламыз.
Әлемдегі банктік және қаржылық қызметтерді ұсынатын ең ірі ұйымдардың бірі болып табылатын HSBC Тобының мүшесі бола отырып, біз өз клиенттерімізге дүниенің түкпір-түкпірінде орналасқан филиалдарымыздың кең желісін ұсынамыз – 87 мемлекет пен аумақта орналасқан 7 500-ға жуық офис. Бұл Сізге қай жерде біздің қызметіміз қажет болса, біз сол жерде көмектесуге дайын екендігімізді білдіреді.
HSBC-де клиенттермен серіктесе отырып қалай жұмыс істеу керек екендігін білеміз. Біз сіздің қажеттіліктеріңіз бен мұқтаждықтарыңызды шешуге, бизнеске деген потенциалды кедергілерді сезінуге көзделгенбіз және сіздің сұраныстарыңызды ескереміз. Міне, сондықтанда біз сізге икемді және жеке қызмет, қарапайым рәсімдер мен тыңғылықты шешімдер ұсынамыз.
Біздің ең басты артықшылығымыз – көрсетілетін қызметтердің сапасы. Біз өзіміз бизнес жүргізіп отырған елдерде бірыңғай жоғары стандарттарды ұстануды көздейміз.
HSBC-дің қаржы нарығындағы қызметі 1865 жылдан басталды. Жылдар бойы біз бизнес саласындағы біліміміз бен тәжірибемізді шыңдадық. Енді біз Қазақстандық тәжірибемізді әлемдік қарым-қатынас және қаржылық шешімдердің дүниежүзілік жетімділігімен біріктіре отырып ұсынамыз.