|
Ларс Рейдинг - Басқарма Төрағасы Ларс Рейдинг HSBC Group-та 15 жыл бойы қызмет етіп келеді және 5 елде бірқатар басқарушы лауазымдар атқарған. Соңғы 4 жыл Латын Америкасында Стратегия бойынша Басшы ретінде стратегияны дамыту және енгізу, сондай-ақ қосылу және жұту үрдістеріне жауапты болды. Оған дейін Ларс HSBC Ресей Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарып, 4 жыл бойы корпоративті және бөлшек бизнесті дамытуға жауапты болды. Оның алдында ол 5 жыл бойы HSBC Швеция Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. |
|
Рашид Дауров - Қаржы Директоры Рашид Дауровтың қаржы саласының түрлі бағытында 8 жылдық тәжірбиесі бар. Рашид 2010 жылдың маусым айында HSBC Банк Қазақстан-ға келгенге дейін Эрнст энд Янгтің аудитінде, Делойт компаниясының корпоративті қаржысында, Райымбек Боттлерс тобында бухгалтерлік есеп және салықты жоспарлау басқармасын басқарған. Рашид Орталық Азия - Америка Университетінің Іскерлік Әкімшілік бакалавры дәрежесін және Бристоль Университеті Менеджментінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін иеленген. Рашид ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының түлегі және Certified Public Accountant (АҚШ) бойынша кәсіби мамандықты игерген. |