Сіз авторландырылмаған қолданушы ретінде кірдіңіз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру Интернет-банкіне жүйеге қосылмаған

Карьера

HSBC-де біз клиенттерге ерекше қызмет көрсетуге тырысамыз, және бұған біздің қызметтерімізге зор ықпал ететін ерекше адамдарды жұмысқа қабылдау, тиімді түрде мотивациялау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Біз HSBC-де ары қарай ілгерілеу үшін атқарған жұмыс үшін марапаттаудың, кәсіби дамуды қолдаудың және біліктілікті дамыту үшін инвестиция жасаудың өте маңызды екендігіне сенеміз. Әлеуметтік құндылықтарымызды басшылыққа ала отырып және оларды берік ұстана отырып біз жұмыс істеудің ерекше ортасын құрамыз. Бұл ортада шығармашылық, инновация, топтық жұмыс және әрбір қызметкердің еңбек өнімділігі бағаланады.

HSBC-дің өсу стратегиясын іске асыру барысында бізге жауапкершілігі мол, берік, компанияның имиджі үшін, өнімдер мен қызметтердің жоғары сапалы болуына қам жейтін адамдар керек. Егерде сізге біздің философиямыз жақын болса және HSBC Банк Қазақстанда карьера жасағыңыз келсе, онда өз өтінішіңізді (резюмеңіз бен жолдама хатыңызды) мына адреске жібере отырып бізбен байланысыңыз: cv@hsbc.kz.

HSBC Тобындағы Карьера туралы толығырақ біліңіз.